Бүгін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жолдады. Жолдауда көтерілген басты мәселелері:
✅Туризмді дамыту бойынша 15 ірі жоба дайындалмақ;
✅Жаңа қазба-байлықтар көлемін кеңейеді;
✅Қорғаныс және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартып, жаңа техникаларды әкелу керек;
✅Елді газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жалғасады;
✅Су мәселесін шешу маңызды мәселе, Су ресурстары және ирригация минисирлігі құрылады;
✅АЭС салу референдуммен анықталады;
✅Көлік министрлігі құрылады;
✅Үкімет Жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударуы қажет;
✅IT қызметі экспортын 2026 жылға дейін 1 миллиард долларға жеткізу міндеті қойылды;
✅Дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек;
✅Отбасы банктің жұмысы қайта қаралады. Негізгі қалалар емес, моноқалаларға, аудандарға басымдық берілуі тиіс.
✅”Бизнестің жол картасы” және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек;
✅”Самұрық-Қазына” қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтпек.
✅Келесі жылы «Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. «QazaqGaz» кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек.
✅Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керек;
✅Үкімет «Аманат» партиясымен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуі керек;
✅Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы беріледі;
✅Бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды, оған мемлекеттік премия түседі;
✅1 қаңтардан (2024ж) бастап минималды айлық 85000 теңге болады;
✅Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жаза күшеймек;
|
|