«Спорт және салауатты өмір салты» - бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев белгілеген стратегиялық маңызы зор мемлекеттік саясаттың басты ұстанымының бірі.

 

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған

мектеп-интернаты

 

Мекен-жайымыз:

Қарағанды қ. Комиссаров к34а,

тел. 8 (7212) 43-63-30, 50-71-40

Теміртау қ., Чайковскийк. 24/2, тел. 8 (7213) 91-37-21, 44-77-36

 

 

школа

 

Мектеп сипаттамасы

Мектеп-интернатта үздіксіз оқу-жаттығу және оқу-тәрбие жүйесін өткізу үшін барлық жағдай жасалған.

Бірыңғай мектеп кешенінде:

- МБ негізінде сабақтардың жан-жақты қамтылып өткізілуіне ыңғайландырылған оқу кабинеттері, интерактивті тақтамен жабдықталған компьютерлік және мультимедиялық кабинеттер, кітапхана орналастырылған;

- спорттық база және сауықтыру орталығы;

- үш жатақхана корпусы;

- медициналық кабинеттер;

- тамақтандыру пункті, оқушылар 5 рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі;

- кір жуу және шаруашылық құрылыс орындары.

Барлық оқу кабинеттерін жабдықтауда екі тілдік жүйе сақталған. Мемлекеттік тілдің құрметтелуіне орайластырылған кабинеттер паспортизациялаудың шарттарына толыққанды жауап бере алады.

 

Мектептің спорттық базасы заманауи талаптарға және жыл бойғы ОЖЖ-ның кеңінен өткізілуіне сәйкестендірілген:

- мамандандырылған грек-рим және еркін күрес залдары (42х18м) 4 бірдей күреске арналған кілемдермен қамтамасыз етілген;

- мамандандырылған бокс залы (36х18м) жарыстарға және жаттығуларға арналған бокс рингімен, арнайы ілінбелі жабдықпен және баскетбол алаңымен қамтамасыз етілген;

- мамандандырылған дзюдо залы (9х18м) дзюдо күрес түріне арналған татамилермен жабдықталған;

- мамандандырылған велобаза (11х12м) күштік және веложаттығу алаңдарымен жабдықталған;

- жаттығу залы (11х16м) 22 жаттығу құралдары кешенімен жабдықталған;  

 

Мектептің медициналық бөлімі мынадай жұмыстар атқарады:

- бірінші дәрігерлік-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі;

 

- спорттық медицина және емдік дене тәрбиесі, физиотерапия, массаж мамандықтары бойынша балаларға консультативтік-диагностикалық көмек.

 

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 1971 жылдың қыркүйек айында КСРО Министрлер Кабинетінің 10.09.1970 ж. №1898 бұйрығы негізінде құрылып, Қаз.КСР Министрлер Кабинетінің 08.01.1971 ж. шешімімен спорттық бағыттағы №3 жалпы білім беретін мектеп-интернат болып негізі қаланды.

1988 жылы 22.08.1988 жылғы Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің Жарғысымен спорттық бағыттағы №3 мектеп-интернатқа Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімі берілді.

1989 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы мектеп олимпиядалық резервтегі училище болды.

1990 жылы КСРО Министрлер Кабинетінің қатысуымен Дене тәрбиесі және спорт бойынша

Мемлекеттік Комитеттің шешімі және Қаз КСР Дене тәрбиесі және спорт комитетінің 15.01.90 ж. №72 бұйрығы негіздемесіне сәйкес мектеп-интернаттың филиалы Теміртау қаласында ашылды.

1998 жылы Қарағанды облысы әкімінің 31.12.1998 ж. №195 бұйрығы негіздемесіне сәйкес Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты болды.

Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты – оқушылардың оқуы мен тәрбие ісіне мән беріп, таңдап алған спорт түрлеріне баса назар аудара отырып жоғары жетістіктерге жетулеріне ықпал жасайтын жалпы білім беретін оқу орындарының бірегейі. 9-сынып бітірген оқушыларға негізгі мектепті бітіргендері туралы куәлік, 11-сынып бітірген оқушыларға орта білімін растайтын аттестат беріледі.

 

Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат түлектері Лондон олимпиадасында

 

Сапиев

Сәпиев Серік Жұманғалиұлы, ҚР ЕССШ

 

бокс, 69 кг. – 2012 ж. Лондондағы ХХХ Жазғы олимпиялық ойындардың чемпионы;

Бозбаев И

Бозбаев Ислам Мейрамбекұлы, ХДСШ

 

дзюдо, 81 кг. – 9 орын;

Карпов

Карпов Дмитрий Васильевич,  ЕССШ

 

жеңіл атлетика, 10  – 18 орын;

Блудова О

Блудова Ольга Евгеньевна, ХДСШ

 

 жеңіл атлетика,  100 м. - 24 орын;

 

ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫ

 

 ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА МАНЕЖІ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ОРБЖСМ

 

АКТ ЗАЛЫ

 

 

БОКС ЗАЛЫ

 

жарыстарға және жаттығуларға арналған бокс рингмен, арнайы ілінбелі жабдықпен және баскетбол алаңымен қамтамасыз етілген;

 

ДЗЮДО ЗАЛЫ

 

ОҚУ КОРПУСЫ

 

МБ негізінде сабақтардың жан-жақты қамтылып өткізілуіне ыңғайландырылған оқу кабинеттері, интерактивті тақтамен жабдықталған компьютерлік және мультимедиялық кабинеттер, кітапхана орналастырылған;

 

 

 ГРЕК-РИМ ЖӘНЕ ЕРКІН КҮРЕС ЗАЛДАРЫ

 

мамандандырылған грек-рим және еркін күрес залдары (42х18м) төрт күрес арналған кілемімен қамтамасыз етілген;

 

ВЕЛОБАЗА

 

мамандандырылған велобаза (11х12м) күштік және веложаттығу алаңдарымен жабдықталған;

 

Работает на быстром хостинге от Goodhost.KZ