Мектеп жетістіктері
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннан бері мектеп-интернаттың 33 тәрбиеленушісі 6 Жазғы және 1 Қысқы олимпиялық ойындарға қатысты.
Осы жылдардың ішінде мектептің 8 тәрбиеленушісіне КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атақтары берілді:
- Растороцкий Игорь – грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы, 1985, 1987 ж.ж.;
- Ружников Игорь – бокстан әлем чемпионы 1989 ж.;
Топаев Аркадий – бокстан Әлем кубогының иегері, 1994 ж.;
- Мизуров Андрей – велоспорттан Әлем кубогының иегері, 1997 ж.
- Худорошкина Ирина –  жеңіл атлетикадан (ядро лақтыру) Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері (АҚШ), 1996 ж.;
- Елеуов Серік – бокстан Афины Олимпиадасының қола жүлдегері, 2004 ж.;
- Карпов Дмитрий –  жеңіл атлетикадан Афины Олимпиадасының (Грекия) қола жүлдегері, 2004 ж.;
- Сәпиев Серік – бокстан 2005 және 2007 жылдардағы әлем чемпионаттарының екі дүркін чемпионы; 2009 жылғы ӘЧ қола жүлдегері, 2011 жылғы ӘЧ күміс жүлдегері;
 
2012 жылғы Лондондағы ХХХ Олимпиаданң чемпионы, Баркер кубогының иегері.
Мектеп-интернат қабырғасында 20 тәрбиеленушіге «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 500-дей оқушыға «Спорт шебері» атақтары берілді.
2012 ж. ҚР чемпионаттары мен ҚР біріншіліктеріне қатысқан оқушылардың нәтижелері бойынша 2013 ж. ҚР Ұлттық құрама командалардың сапына 149 спортшы енді;
- негізгі құрамаға – 11;
- жастар – 55;                                      
- жасөспірімдер – 83.
Работает на быстром хостинге от Goodhost.KZ