Бүгін, мектеп-интернат-колледж қызметкерлері Қазақстан халқы бірлігі күніне және Жеңіс күніне орай

04 Мамыр (12:35)

Бүгін, мектеп-интернат-колледж қызметкерлері Қазақстан халқы бірлігі күніне және Жеңіс күніне орай "Еркін ел ұрпағы" атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты Мемлекет басшысының тапсырмасына орай еліміздің Тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухты ұрпақ тәрбиелеу.

Диктант жазуға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен тәрбишілер, жаттықтырушылар жалып саны 100-ден аса қызметкерлер мен студенттер қатысты.

Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резеовтегі мектеп-интернат-колледжі Ақпараттық және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері, Қарағанды облысы Білім басқармасының ұйымдастырып отырған бастаманы қолдайды

 

 

 

 

 

Работает на быстром хостинге от Goodhost.KZ