Қарағандылық тарих пәнінің мұғалімі облыстық

20 Сәуір (12:56)

Қарағандылық тарих пәнінің мұғалімі облыстық "Тілдарын" үш тілді білу байқауында жеңіске жетті

Қарағандыда үш тілді – қазақ, орыс және ағылшынды меңгерген жастар арасындағы облыстық "Тілдарын" байқаудың қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды А. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Ерболат Нұрманғалиев иеленді.

Байқауға Нұра, Осакаров, Шет аудандарынан, сондай-ақ Қарағанды, Балқаш, Саран және Шахтинск қалаларынан 15 пен 30 жас аралығындағы жастар (оқушылар, студенттер, мұғалімдер) қатысты.

"Байқау облыстық деңгейде дәстүрлі түрде 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның жеңімпаздары республикада да жүлделі орындарға ие болды. Байқау үш кезеңнен тұрды: "Сөзтаным", "Ойтаным", "Елтаным", – деді ұйымдастырушылар.

Қазылар алқасы үш тілді меңгеру деңгейін, әр кезеңдегі жауаптардың мазмұны мен ерекшелігін, орфоэпиялық нормаларға сәйкес сөйлеу қабілетін бағалады.

Бірінші орынды А. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Ерболат Нұрманғалиев иеленді.

– Сұрақтардың басым бөлігі тарихпен байланысты болды. Жалпы, байқау өте қызықты және жақсы ұйымдастырылған. Үш тілді меңгерген жастар өз білімдерін көрсетті. Мұндай конкурстарды мүмкіндігінше көп өткізсе, жақсы болар еді, – деп есептейді Ерболат Нұрманғалиев.

Екінші орынды Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанты Нүрила Караманова иеленді. Үздік үштікті Ә. Бөкейхан атындағы ОМ (Қарағанды) 11-сынып оқушысы Айдана Саянқызы түйіндеді.

Жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Барлық қатысушылар алғыс хаттар алды.

Конкурсты ұйымдастырушы – Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы.

Работает на быстром хостинге от Goodhost.KZ