Мектеп-интернатта үздіксіз оқу-жаттығу және оқу-тәрбие жүйесін өткізу үшін барлық жағдай жасалған.
Бірыңғай мектеп кешенінде:
- МБ негізінде сабақтардың жан-жақты қамтылып өткізілуіне ыңғайландырылған оқу кабинеттері, интерактивті тақтамен жабдықталған компьютерлік және мультимедиялық кабинеттер, кітапхана орналастырылған;
- спорттық база және сауықтыру орталығы;
- үш жатақхана корпусы;
- медициналық кабинеттер;
- тамақтандыру пункті, оқушылар 5 рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі;
- кір жуу және шаруашылық құрылыс орындары.
Барлық оқу кабинеттерін жабдықтауда екі тілдік жүйе сақталған. Мемлекеттік тілдің құрметтелуіне орайластырылған кабинеттер паспортизациялаудың шарттарына толыққанды жауап бере алады.
 
Мектептің спорттық базасы заманауи талаптарға және жыл бойғы ОЖЖ-ның кеңінен өткізілуіне сәйкестендірілген:
- мамандандырылған грек-рим және еркін күрес залдары (42х18м) 4 бірдей күреске арналған кілемдермен қамтамасыз етілген;
- мамандандырылған бокс залы (36х18м) жарыстарға және жаттығуларға арналған бокс рингімен, арнайы ілінбелі жабдықпен және баскетбол алаңымен қамтамасыз етілген;
- мамандандырылған дзюдо залы (9х18м) дзюдо күрес түріне арналған татамилермен жабдықталған;
- мамандандырылған велобаза (11х12м) күштік және веложаттығу алаңдарымен жабдықталған;
- жаттығу залы (11х16м) 22 жаттығу құралдары кешенімен жабдықталған;  
 
Мектептің медициналық бөлімі мынадай жұмыстар атқарады:
- бірінші дәрігерлік-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі;
 
 
- спорттық медицина және емдік дене тәрбиесі, физиотерапия, массаж мамандықтары бойынша балаларға консультативтік-диагностикалық көмек.
 
Работает на быстром хостинге от Goodhost.KZ